Елордадағы «Бақытты шаңырақ» оңалту орталығы мобильді оттекті барокамерамен жабдықталады
Елордадағы «Бақытты шаңырақ» оңалту орталығы мобильді оттекті барокамерамен жабдықталады.
Осында ем алатын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мұндай құрылғы аса қажет. Зекет қайырымдылық қоры оны сатып алуға 5 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Сондай ақ қор өкілдері 4 мыңға жуық адамға азық-түлік таратады. Қайырымдылық шарасы барлық өңірде жүргізіледі.
Бүгін қор өкілдері осы игі бастама аясында Астанадағы азаматтарға да сый сияпат табыстады. Арнайы қорапта сұйық май, ұн мен қант, өзге де қажетті азықтар бар. Одан бөлек, құрбандыққа шалынған мал еті де берілді.
Мақсатбек Қайырғалиев, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры:
QURBAN2023.KZ осы сайтқа кіріп, құрбандыққа шаламын десеңіз құрбан шалушымын, мұқтаж десеңіз мұқтаж адаммын деп тіркелесіз. Бірақ құрбан шалушылар мен көмекке мұқтаж адамдар арасында біз тепе-теңдікті ұстап отыру үшін егер мұқтаждардан өтініш көп болып жатса, ол тіркеуді біз уақытша жауып қоямыз. Бізде 4 мың адам базада тұр, соларға ет таратамыз деп жоспарлап отырмыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауатын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12