Елде 365 талапкер ҰБТ қайта тапсыра алмайды
Ұлттық бірыңғай тестілеудің аяқталуына бірнеше күн қалды. Сынақ басталғалы 267 мың мәрте тест тапсырылған. Оның 76 пайызы қазақ тілінде, қалғаны орыс және ағылшын тілінде. Ал талапкерлердің 79 пайызы шекті балды жинады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, 365 талапкер смартфон мен өзге де тыйым салынған заттарды алып өтпек болған. Олар тестті қайта тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Сондай-ақ, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Ереже бұзу анықталған жағдайда талапкердің тест нәтижесі толық жойылады.
Ақмаржан Ғафиз
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06