БҚО шаруалары жаңбырлатып суару қондырғысының көмегімен егістіктен мол өнім алып отыр
Батыс Қазақстан облысында шаруалар жаңбырлатып суару қондырғысының көмегімен егістіктен мол өнім алып отыр. Заманауи технологияны сатып алуға «Аграрлық несие корпорациясы» қолұшын берген. Жеңілдетілген несиенің бір бөлігі субсидия арқылы өтеледі. Қырдағы қызу еңбек жайлы келесі сюжетте толығырақ.
Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруа жаңа техника алып, жұмысы жеңілдеді. Жаңбырлатып суару қондырғысының ұзындығы - 500 метр. 80 гектар аумақты екі тәуліктің ішінде толық айналып, суарып өтеді.
Қазбек Нығметов, «Сәбит» шаруа қожалығының басқарушысы:
Жаңбырлатып суару қондырғысын алғалы, өнім жақсы болды. Гектарына 35-40 центнерден алып тұрмыз. Бірінші кос шаптық. Оны жинап алып, қыстаққа апарып, қайтадан екінші рет суаруымыз керек.
Техникаға су арнадан тартылып, көбікке жиналып, сорғы арқылы құбырмен келіп тұр. Іс басында 30-дан астам адам еңбек етеді. Асылтұқымды төрт түлікті мал азығымен қамту үшін судан мен жоңышқаға орақ салған.
Халымгерей Сиражев, жұмысшы:
Алдымызда қоян жылы келе жатыр. Соның қарсаңында бізде де дайындық жүріп жатыр. Осы айдың ортасынан бастап жұмыс басталып кетті шөп шабу науқаны.
Осылайша «Сәбит» шаруа қожалығы «Агробизнес» бағдарламасының игілігін көріп отыр. «Кең дала», «Жастар», «Іскер» бағдарламаларының да берері мол.
Марат Сарсеев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының директоры:
«Кең дала» бағдарламасы - көктемгі жұмыстарүа арналған, яғни егіске. Бүгінгі күні жастарға арналған бағдарламамен жұмыс істеп жатырмыз. «Іскер» бағдарламасы кәсіпкер мен шаруа қожалықтарға арналған. «Агробизнес» те ауыл шаруашылығының дамуына арналған бағдарламалар.
Мемлекеттен қолдау тапқан, жері шұрайлы, шөбі шүйгін шаруашылықтың малы да күйлі болмақ.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06