Қазақ күресі халықаралық олимпиада ойындарының тізіміне енуі мүмкін
Қазақ күресі халықаралық олимпиада ойындарының тізіміне енуі мүмкін. Қазір бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. «Қазақстан барысы» қорының ресми өкілі осылай дейді. Бұл спорт түрі қазір алыс-жақын шетелдерге де танылып келеді. Диас Ахметшәріптің айтуынша, 2028 немесе 2032 жылы мақсат орындалуы мүмкін. Енді, 2 шілдеде өтетін «Қазақстан барысы» турниріне тоқталсақ. Жарыста 19 аймақпен бірге әскерилерден тұратын «әскер барысы» командасы бақ сынайды. Барлығы 41 балуан. Бірақ турнирге батыс қазақстандық спортшылар қатыспайды. «Қазақ күресі» қауымдастығы төрешілер алқасының төрағасы Қайрат Пазылбектің айтуынша, аталмыш өңірдің балуандары ереже бұзған.
Қайрат Пазылбек, «Қазақ күресі» қауымдастығы төрешілер алқасының төрағасы:
Облыстық іріктеу кезеңінде жарыс ережесін өрескел бұзу және спорттық этиканы сақтамау фактілері анықталды. Бұған дейін аудандық іріктеуде жеңілген Теміржан Күлібаев Бөрілі ауданының атынан күрескен. Сонымен қатар Нұрымжан Ғаббасов Сырым ауданы атынан күрескен. Екеуі де бұған дейінгі іріктеуде ұтылып қалған. Олар Орал қаласынан іріктеуге қатыспақшы болған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26