Қостанай облысында шегірткенің егістікке шабуылы әлі толастар емес
Қостанай облысында шегірткенің егістікке шабуылы әлі толастар емес. Зиянкестерден Наурызым, Жангелдин аудандарының диқандары зардап шегіп отыр. Шаруалардың айтуынша шегіртке мыңдаған гектар алқапты отап кеткен. Өңірге ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы келді. Зиянкестер тек Жангелдин ауданында 260 мың гектар аумақты жайпап тастаған. Оны улауға 31 техника мен 3 ұшақ және 6 дельтаплан тартылған. Жалпы облыста 260 мың гектар алқапқа зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген. Шаруаларға қанша шығын келгені әзір белгісіз.
Тілек Төлебав, облыстық Аумақтық инспекцияның өсімдікті қорғау бөлімінің басшысы:
Қазір комитеттің, облыстық мекеменің басшылары мен мамандары сол жақта жүр. Олар алқаптардың қаншалықты зардап шеккендігін анықтап қағазға түсіреді. Тек содан кейін ғана біз зиянкестерден егіс алқаптарына қанша шығын келгенін нақты айта аламыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15