Өзбекстанда 20 баланың өліміне себеп болған жөтел сиропынан өнеркәсіпте қолданылатын пропиленгликоль табылды
Өзбекстанда былтыр 20 баланың өліміне себеп болған, жөтел сиропынан өнеркәсіпте қолданылатын пропиленгликоль табылған. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Улы дәріні үндістандық «Марион Биотех» компаниясы шығарған. Ол пропиленгликольді техникалық сұйықтық жасайтын компаниядан сатып алғанын мәлімдеді. Аталған сұйықтық тек өнеркәсіптік мақсатта қолдануға болады. Нақтырақ айтсақ, сұйық кір жуғыш ұнтақ, антифриз, бояу және басқа токсинді бұйымдарды жасау, тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады. Улы зат қосылған дәріні ішкен балалар өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Елдің фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бірнеше жоғары шенді қызметкері қамауға алынды. Тексеріс әлі аяқталған жоқ.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03