Абай облысының Көкпекті ауданында 910 гектарға жуық жер өртеніп кетті
Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті бүгін таңғы сағат 7-де толығымен сөндірілді. Тілсіз жау 2-ші шілде күні Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанған болатын. Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, жалын 910 гектарға жуық жерді шарпыған. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 гектар алаңдағы құрғақ шөп пен бұталар өртенген. Елді мекендерге қауіп жоқ», – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі. Дегенмен жалынды сөндіруге 5 тікұшақ, 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22