Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
Солтүстік Қазақстан облысында Моңғолиядан көшіп
келген Қапезовтар отбасы халқымыздың ұмыт болып бара жатқан қолөнерін жаңғыртып
жүр.
Темірошыр Қапезов ағаштан киіз үй, ер-тұрман, балаларға арналған түрлі
ойыншықтар жасаса, әйелі Мария Жіңкен қамыстан ши тоқып, қойдың жүнінен киіз
басады. Қолөнершілер отбасы Айыртау ауданындағы Лобаново ауылында тұрады.
Атамекенге 1991 жылы қоныс аударған. Содан бері жаз болса, аулаға киіз үй
тігіп, балалары мен немерелеріне ұлттық салт-дәстүрді үйретеді.
Темірошыр Қапезов, шебер:
Мініп көрсінші, үйренсінші деп жерден көкпар тартып алуға, аяқ салып, ерге отыру, соның бәрін тізгінін қолына алып жүруге, балаларға соған арнап істегем, өз ойымнан шыққан туынды.
Шеберлер қолөнермен жарты ғасырға жуық уақыт айнылысып жүргендерін айтады. Кез
келген бұйымды тек табиғи шикізаттан жасайды. Олардың ең үлкен арманы – ұрпақ сабақтастығын
үзбей, ата кәсіпті кейінгі буынға жеткізу.
Мария Жіңкен, шебер:
Әжелерімізден үйреніп, барған жерімізде киізімізді басып, шиімізді тоқып, сол бір қара шаңырақты әрі қарай дөңгелентіп алып кетуге өзімізді дайындып шықтық, тұрмысқа шыққанда. Солай енді міне кеоіндерімізді үйретіп, қыздарымызды үйретіп осылай істеп жатқан жайымыз бар енді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22
Президенттің «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітабы жарық көрді
05.08.2026, 17:20