Ақтөбе облысында ғұн-сармат тайпаларына тиесілі жәдігерлер табылды
Ақтөбе облысы, Қобда ауданының аумағынан ғұн-сармат тайпаларына тиесілі құнды жәдігерлер табылды. Қазба жұмыстары Қиыл өзеніне жақын жерде жүріп жатыр. Дербісәлі қорымын зерттеу кезінде археологтар жауынгер қылышын, ағаш пен қыштан жасалған ыдыстар мен түрлі әшекейлерді тапты. Бұл қорған II-IV ғасырларға тиесілі. Бүгінге дейін осы аумақтағы 48 нысанның жетеуі аршылған. Оның бірі ғибадатхана екені белгілі болып отыр. Алдағы уақытта Әйтеке би, Ойыл және Темір аудандарында да зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осы уақытқа барлығы 400-ге жуық қорған анықталған. Мамандар табылып жатқан жәдігерлердің тарихи құндылығы жоғары екенін айтып отыр.
Аслан Мамедов, Ә. Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері:
Бұл жұмыстардың бәрі бізде екі бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – Ақтөбе жанынан табылған жауынгердің кастюмін қалпына келтіру. Содан кейін қасынан табылған ат әбзелдерін қалпына келтіру арқылы аттың бейнесін келтіру.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15