Атыраудағы қамыс өрті 830 гектар аумақты шарпыды
Атыраудағы қамыс өртінің беті қайтты. Бірақ қызыл жалын ошағы толық жойылған жоқ. Қазір Каспий жағалауында 100 шақты адам тілсіз жаумен күресуде. 5 күннің ішінде 830 гектар жердегі қамыс күлге айналды. Қазір Каспий жағалауындағы өрт ошағының 80 пайызы сөндірілді. Бастапқыда батпақты алқапқа техника жете алмай, өрті өшіру қиынға соққан еді. Қызылордадан МИ-8 тікұшағы жеткізілді. Техника әуеден 200 тоннадан астам су шашты.
Тілсіз жаумен күреске 100 шақты маман мен 20 техника жұмылдырылды. Қазір елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары»: Турнирді көрушілер көбейіп келеді
05.08.2026, 17:38
Отырардан теңгелер мен қыш ыдыстар табылды
05.08.2026, 17:37
Шымкенттік жастар қала көшелерін тазалады
05.08.2026, 17:35
Қандастар СҚО-да қолөнерді жаңғыртып жүр
05.08.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 17:30
Грант бойынша білім алған 269 түлек міндеттемелерін орындамаған
05.08.2026, 17:27
₸10 млн-ды айналымға заңсыз енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 17:25
Жазасын өтеуші 10 мың адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін
05.08.2026, 17:22