Шымкентте 9 мың абонент табиғи газсыз қалды
Шымкент қаласында 9 мыңнан астам абонент екі күннен бері табиғи газсыз тіршілік етіп отыр. Шаһардың әкімшілік іскерлік орталығындағы жүргізіліп жатқан құрылыс кезінде жер қазып жүрген техника диаметрі 200 милиметр болатын газ құбырын жарып жіберген. Салдарынан 60 көпқабатты тұрғын үйге табиғи газ беру тоқтады.
Кеше апат орнында жөндеу бригадасы кешке дейін жұмыс істеп, бүлінген жерді қайта қалпына келтірді. Бүгін тұрғын үйлерді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, газ желісіне қосу ісі басталады. Алдын ала болжам бойынша апаттан газ тарату мекесіне 6 миллион теңгедей шығын келген. Қазір газ құбырының тесілуіне себепкер болған мемлекеттік нөмірі жоқ эксковатордың қай мекемеге тиесілі екені анықталып жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15