Жетісу облысында тағы бір әкім резиденциясы балаларға оңалту лагері ретінде берілді
Жетісу облысында тағы бір әкім резиденциясы балаларға оңалту лагері ретінде берілді. Алакөл жағалауындағы ғимаратта бұдан былай 6 жас пен 18 жас аралағында ерекше күтімді қажет ететін жеткіншектер тынығып, денсаулығын түзейтін болады. Жазғы маусымда өңірдің аудан, қалаларынан 200-ден астам бала қажетті ем-домын алып, көлдің шипалы суына шомылып, тынығып қайтпақ. Жаңа лагерьде ойын алаңдары мен асхана, жатын бөлмелері барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 40 орынға есептелген оңалту орталығында балаларды қабылдау тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің жолдамасы арқылы жүзеге асырылмақ.
Мейрамгүл Ақышева, Үшарал қаласының тұрғыны:
Мұндай орталыққа бару үшін біз Алматы, Астана деп үлкен қалаларға баратынбыз қаражатымызды жинап. Ал енді қазір біздің балаларымызға тегін осындай бір орталық ашылғанына барлық ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06