Бүгіннен бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады
Бүгіннен бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикалық маңызы бар жолдың тарифін бекітті. Бұйрыққа сәйкес, жеңіл автокөлік үшін 241 теңге, автобус жүргізушілері жолаушы санына қарай 276 теңгеден 552 теңгеге дейін ақы төлейді. Ал жүк көліктеріне жүктің салмағына қарай 690 теңгеден 759 теңгеге дейінгі төлем қарастырылған. Сонымен бірге айлық абонемент құны жеңіл көлік үшін бір айға – 1725 теңге болса, бір жылға - 17 250 теңге. Ал автобустар мен жүк көлік иелеріне бір айлық тариф 2 мыңнан 9 мың теңгеге дейін, бір жылға 20 мыңнан 90 мың теңге арасында есептелген. Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы 3 жылға созылып, өткен аптада ғана пайдалануға берілген еді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14