Грекияда өрт сөндіруші ұшақ құлады
Грекияда орман өртін сөндіруге қатысқан ұшақ апатқа ұшырады. Оның бортында болған екі пилот қаза тапқан. Оқиға Эбвей аралында болды. Ұшқыштардың қазасына байланысты елде 3 күн қаралы деп жарияланды. Грекияда алапат орман өртінің жалғасып жатқанына бір аптадан аса уақыт болды. Өрт шарпыған орман алқабының аумағы 35 мың гектардан асқан. Родос тәрізді бірқатар аралдан туристер жаппай көшірілді. Елде аптап ыстық. Ауа температурасы 40 градустан жоғарылаған. Ғалымдар бұл жағдайға климаттың өзгеруі себеп деп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14