Қостанай облысында жылан шаққан баланың жағдайы жақсарды
Бұған дейін Қостанай обылысында 13 жастағы қыз баланы улы жылан шағып алғанын айтқанбыз. Оқыс оқиға жасөсіпірім ата-анасымен өзен бойына балық аулауға барғанда болған. Ол дәрігердің көмегіне бір тәуліктен соң ғана жүгініпті. Жылан саусағынан шаққан. У жайылған соң қолы кеудесіне дейін ісініп, некроз пайда болыпты. Дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып, жылан уына, гангренаға және басқа да бактерияларға қарсы екпе жасаған. Арада төрт күн өткенде қыз баланың жағдайы жақсарды. Дәрігерлер енді оны жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырамыз деп отыр.
Игорь Белобржицкий, облыстық балалар ауруханасының дәрігері:
Бала адамдармен сөйлесе алады. Интоксикация белгілері, дене қызуы жоқ. Қолының ісігі едәуір қайтты. Қимылдата алады. Жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15