Болгарияда мыңдаған адам зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты
Болгария астанасында мыңдаған адам сот ғимараты жанында шеруге шықты. Демонстранттар әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті. Мұндай наразылық акциясы елдің 40-тан аса қаласында өткен. Шерудің басталуына Стара-Загора қаласында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің өлімі себеп болған. Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Жақында Болгарияның Ұлттық статистика институты зерттеу жариялады. Оған сай, елде қыздардың үштен бірі балалық шағында ата-атанасы тарапынан физикалық немесе эмоционалдық зорлық-зомбылықты бастан кешірген. Әрбір бесінші әйел жақын серігінен түрлі жәбір көреді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14