Жапонияға «Ханун» дауылы соққы берді
Жапонияға «Ханун» дауылы соққы берді. Окинава префектурасында электр желілеріне зақым келіп, 200 мыңнан аса үй жарықсыз қалған. Күшті жел тұрып, теңізде толқын көтерілген. Осыған байланысты жүздеген мың тұрғынға қауіпсіз жерге көшу туралы кеңес берілді. Қазір тайфун солтүстік-батысқа қарай сағатына 10 шақырым жылдамдықпен ойыса бастады. Окинава астанасы Наха қаласында әуежай жабылды. 400-ден аса ұшақ рейске шықпады. 65 мыңдай жолаушы жолынан қалған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14