Алматы облысында жаппай төбелестен оқушы қаза болды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында алдымен жаппай төбелес болып, артынша 17 жастағы жігітке оқ тиіп, қаза болды. Жасөспірімнің мәйіті Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінен табылды. Жедел-іздестіру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22 адамды ұстаған. Олардың 9-ы қамауға алынды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал оқ атылған қару күдіктілердің бірінің әкесіне тиесілі екендігі анықталып отыр. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, сот медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабымен іс қозғалған.
Қуаныш Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12