Басты Жаңалықтар Су инновациялары орталығы құрылады

Су инновациялары орталығы құрылады

Қазақстанда су тасқыны мен құрғақшылықты анықтаудың жалпыұлттық ерте ескерту жүйесі әзірленіп, AquaLab су инновациялары орталығы құрылады. Су секторын дамыту жөніндегі серіктестердің үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Су ресурстары және ирригация министрлігі халықаралық серіктестермен бірқатар келісімге қол қойды. Осылайша су шаруашылығы инфрақұрылымы туралы деректер бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіріліп, су тасқыны мен құрғақшылықты алдын ала болжау мүмкіндігі кеңейтіледі. Ал AquaLab орталығы мен STEM-білім беру және экологиялық ағарту орталығы су саласына инновациялық технологияларды енгізуге, мамандар даярлауға және экологиялық ағартуды дамытуға бағытталады.

Қайратғали Хайрулла, «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы:

ЖИ пайдалану үшін бізге үлкен база керек. 2024 жылы құрылғаннан бастап министрлік өзінің жүйесін қалыптастыруды бастады. Қазіргі таңда Су ресурстары ұлттық ақпараттық жүйесі құрылды. 1 айда өндірістік қолданысқа беріледі. Оның ішінде көп ақпарат бар. 17 мың өзен бойынша, гидротехникалық құрылыс, жай-көлдер туралы ақпарат. Оны жүйелі түрде қолдану үшін ЖИ қажет болып отыр.

Хьюберт Лор, ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің БҰҰДБ кеңесшісі:

Біз су саласындағы серіктестік бастамасы басталғалы халықаралық тәжірибе мен халықаралық стандарттарды Қазақстанға енгізіп жатырмыз. Қазір Ірі бөгеттер жөніндегі халықаралық комиссияға (ICOLD) қосылу бағытындағы жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл әлемнің жетекші сарапшыларымен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


Бөлісу