Ақмола облысында ойын алаңдары балалар үшін қауіп төндіріп тұр
Ақмола облысының Степногорск қаласындағы ойын алаңдарының тоз-тозы шыққан. Өткен ғасырда орнатылған әткеншектер ескіріп, тіпті бала өміріне қауіп тудыратын жағдайға түскен. Бірер ай бұрын жасөспірім ауыр жарақат алып, медициналық көмекке жүгініпті. Осыдан кейін тексеріс жүргізген құзырлы органдар 30-дан астам ойын алаңын бала өмірі үшін қауіпті деп таныды. Кешенді тексеруден кейін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Меруерт Байболова, Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:
Тексеріс барысында 4 ойын алаңындағы қоршаулардың жарамсыз күйге түскені анықталды. Оған қоса, әткеншектер де сынған. Соның салдарынан балалар бір емес, бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген. Прокуратура қызметкерлері анықталған олқылықтарды жою бағытында тиісті жұмыс жүргізді.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06