Ақмола облысының ауыл тұрғындарына су берілді
Ақмола облысы Қорғалжын ауданына қарасты Қараегін ауылына ауыз су берілді. Мұны тұрғындардың өздері хабарлады. Өткен аптада құбыр жарылып, бүтін бір ауыл сусыз отырғанын көрсеткен едік. 500-ден аса тұрғыны бар елді-мекен халқы тіршілік нәрін сатып алып отырған. Ал оған жағдайы келмегендері көрші ауылдан тасымалдап ішті. Жарылған құбырды жөндеуге қазынадан 387 млн теңге бөлінген еді, дегенмен компания құжат дайын емес деген желеумен жұмысты дер кезінде бастамаған. Шілденің шіліңгір ыстығында екі апта сусыз отырғандардың мәселесі шешілді. Бұқара арнайы видео түсіріп арнамызға алғыстарын жолдапты.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53