Түркістан облысында жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Түркістан облысында республикалық маңызы бар жолда жүк көлігі мен автобус соқтығысып қалды. Жол апаты Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 720 шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, жол көлік оқиғасына автобус кінәлі. Жолаушылар көлігінің оң жақ дөңгелегі жарылып, автобус темір қоршауды қиратқан. Артынша қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соғылған. Осының салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Ал 18 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Айта кетейік, автобус Жетісай қаласынан Астана қаласына жолаушы тасымалдаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12