Скандинавияда қатты нөсерден жолдарды су басты
Скандинавияның оңтүстігінде қатты нөсер жауып, жолдарды су басты. Швецияда пойыз рельстен тайып кеткен. Үш адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Швецияда және көршілес Норвегияда толассыз жаңбырға байланысты қауіптің қызыл түсті деңгейі жарияланды. Екі елді соңғы 50 жылда болмаған тасқын жайлауы ықтимал.
Данияда да дамылсыз нөсер жауын жауып тұр. Қауіптің сары түсті деңгейі жарияланған. Мұнда найзағай жарқылдап, күн күркіреуі мүмкін. Метеорологтар Скандинавия елдеріндегі ауа райының құбылуын «Ханс» деп атады. Дауылдарға атау беру арқылы жұртшылықтың назарын аудартуды жеңілдету көзделген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14