Алматы облысында медбикені пышақтап кеткен
Алматы облысы Қарасай ауданындағы перзентханалардың бірінде медбикені белгісіз адам пышақтап, артынша ізін суытқан.
Мына кадрде күдіктінің ғимараттан асығыс шығып бара жатқаны анық көрінеді. Ал сол сәтте кеуде қуысынан бірнеше рет жарақат алған 45 жастағы әйел, аудандағы ауруханаға жеткізілген. Бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмапты. Полиция күдіктіні ұстады, қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам қастандыққа жеке қарым-қатынас себеп болғанын айтқан.
Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы:
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады. Ол 1981 жылғы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12