Биыл Атырау облысындағы балалар лагерінде 1500-ге жуық оқушы демалады
Биыл Атырау облысындағы балалар лагерінде 1500-ге жуық оқушы демалады. Қазір лагерьлер оқушылардың соңғы легін қабылдауға қызу дайындалып жатыр. Мұнда балалардың жазғы демалысын қызықты өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Балдырғандардың әр күні таңғы жаттығудан басталып, тәлімгерлердің түрлі ойындары мен үйірмелеріне жалғасады. Демалыс маусымы аяқталған соң лагерьде күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Амфитеатрды жөндеуге, алаңды қоршау жұмыстарына облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Қазіргі уақытта 16 млн теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Шәрбану Сабырова, Индер аудандық білім бөлімінің бас маманы:
Бүгінгі күні 1-5 кезең аралығында 883 бала қамтылып отыр. Алдағы уақытта лагерьге жылу жүйесін жүргізіп, 12 ай бойы жұмыс істейтіндей мүмкіндік жасау көзделіп отыр.
Инабат Қабдығали, демалушы:
Лагерь ұнап жатыр. Жаңа достар таптым. Жаңа ортаға үйренісіп, түрлі өнерімізді салудамыз. Лагерьдегі тәрбиешілер де жақсы.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06