Шикізаттың жетіспеушілігінен елде күнбағыс майы қымбаттауы мүмкін
Күзде күнбағыс майы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Майлы дақылдарды өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы хабарлады. Бұған шикізат тапшылығы себеп болмақ. Шығыс Қазақстан, Абай мен Павлодар облыстарында құрғақшылық салдарынан өнім 40 процентке аз жиналады деген болжам бар. Күнбағыс өсіруші елдер Украина мен Ресейде де өнім жылдағыдай емес. Сондықтан қауымдастық өкілдері сұйық майдың қымбаттайтынын болжап отыр. Қазір оның орташа бағасы литріне 500-550 теңге болса, күзде 800-900 теңгеге жетуі ғажап емес дейді. Сондықтан шикізат тапшылығының алдын алуға шақырды.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05
Мұнай бағасы құбылып тұр
05.08.2026, 20:05
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
05.08.2026, 20:04
Қазақстандықтардың 89,4%-ы Құрылтай сайлауынан хабардар
05.08.2026, 20:03
Еліміздің 17 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды
05.08.2026, 20:03
Елімізде талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды
05.08.2026, 20:01
Өзбекстанмен сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізу көзделген
05.08.2026, 20:00