Гүл сатушыны қорқытқан адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Шымкентте полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Олар бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің заң бұзушылық әрекетіне көз жұма қарап, «салғырттық» танытқан болуы мүмкін. Ал Бековтің өзіне гүл салоны мен мейрамханада тәртіп бұзғаны үшін қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі яғни, «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Департамент екі қылмыстық іс бойынша тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етеміз дейді. Шымкентте гүл ұрлап, сатушыны қорқытқан адамның бұрынғы полиция қызметкері болып шыққанын бұған дейін хабарлаған едік. Ол үстелден қайшы алып, гүл сатушыға тап берген. Қазір күдікті қамауда.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12