Петропавлда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттайды
Петропавлда қоғамдық көлікте жол ақысы қымбаттайды. Енді картамен төлем жасайтындар100 теңге, ал қолма қол есеп айырысатын жолаушылар 170 теңге төлеуі тиіс. Жаңадан бекітілген тариф бірер аптада қолданысқа енгізіледі. Облыс орталығында жол ақысы 2017 жылдан бері өзгермеген еді. Әкімдік өкілдері бұрынғы тариф мердігерлер компаниялардың шығынын толық өтемейтінін айтып отыр.
Қалада 18 бағыт бойынша қоғамдық көлік қатынайды. Күн сайын 180 автобус жұмыс істейді. Тәулігіне орта есеппен 75 мыңға жуық адам қатынайды. Жолаушы тасымалдаушы компанияларға мемлекет тарапынан демеуқаржы берілетінін де айтып өткен жөн. Биыл бұл мақсатқа қала бюджетінен 3 млрд теңге бөлінді.
Әділбек Әубәкіров, қала әкімінің орынбасары:
Тарифтің өзгермегеніне 6,5 жыл болды. Былтыр тасымалдаушылар мәселе көтерді. Арнайы комиссия ұсынысты зерттеді. Мәселен, 2017 жылы бір литр дизель отыны - 124 теңге болса, қазір 290 теңге. Қыста 600 теңгеге дейін көтеріледі. Қосалқы бөлшектердің бағасы, жұмысшылардың жалақысы өсті. Осы шығындарды есептеп, жаңа тариф бекітілді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14