Еліміздегі 663 студенттер жатақханасы тексеріледі
Елімізде жоғары оқу орындары жанындағы 39 жатақхананың жағдайы орташа. Колледждердегі 13 жатақхананың жағдайы нашар. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері мәлімдеді. Ұйым 237 жатақхананың студенттерді қабылдауға дайындығы мен санитарлық жағдайына тексеріс жүргізді. Су, жылу, электр қуаты желілерінің жұмысына мониторинг жасалды. Қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаздар тексерілді. Студенттік омбудсмендермен бірге әлі 426 жатақханаға тексеру жүргізіледі. Кемшіліктерді жою үшін білім ошағының басшылығына немесе мүделлі мемлекеттік органдарға 15 күн уақыт беріледі.
Нұржан Жетпісбаев, «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
15 күннен кейін қайта келеміз. Түзетілмесе қайта келеміз. Мониторингті оны депутаттық сауалнамаға саламыз, оны кеңесімізге саламыз, оны әкімшілікке барып қоямыз. Бұл мәселені. Осы мәселе аяғына дейін жетпегенше бұл мәселеден біз түспейміз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06