Түркістан облысында бір әулеттен 11 адам суға батып кетті
Түркістан облысының Отырар ауданында 11 адам суға батып кетті. Алтауы бала. Қайғылы жағдай кеше кешкіcін Көксарай елдімекенінде болған. Сырдария өзеніне түскен 20 адам бір әулеттің тумалары. Олар суға шомылуға арналмаған жерге түскен.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың 144 қызметкері жұмыс істеуде. 16 техника мен 6 жүзу құралы жұмылдырылды. Сондай-ақ екі дронның көмегімен де іздестіріп жатыр. Кеше түнгі 23:00-ге дейін 8 адамның мәйіті судан шығарылды. Үш адам әлі табылмады. Облыстық ТЖ департаментінде жедел штаб құрылды.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12