«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі жанып жатыр
«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі жанып жатыр. Мұны Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Өрт тарап кетпеуі үшін жұмыстар жалғасып жатыр. Арнайы штаб апат учаскесін оқшаулау үшін гипстен көпірлер салу туралы шешім қабылдаған. Оның орындары анықталып, материалдар жеткізіліп жатыр. Еске салсам, «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі «Қазақстан» шахтасында өткен аптада өрт шығып, 5 кенші қаза тапты. Тағы 11 жұмысшы ауруханада ем қабылдап жатыр.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Стационарда емделіп жатқан науқастардың жағдайы орташа ауыр. Екеуінің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, олар жақын арада ауруханадан шығады. Дәрігерлердің сөзінше, улану белгілері бар кеншілер де жақсарып келеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14