Қарағанды облысында 9 ауыл жарықсыз қалды
Қарағанды облысының Шет ауданында негізгі тоқ желілері өртеніп, бір мезетте 9 ауыл жарықсыз қалды.
Руслан Нұрланұлы,тілші:
Қазір барлық ауылға электр қуаты берілді. Мамандар түні бойы ақауды жөндеп қалпына келтірді. Шет ауданына қарасты Қошқарбай ауылында трансформаторлық май және оның өзге де жанғыш бөлшектері өртенген. Жалпы 25 шаршы метр аумақ отқа оранған. Оқиға кеше түнде болды. Салдарынан Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Талды сынды көршілес жатқан 9 елдімекен жарықсыз қалды. Өрт 1,5 сағаттан соң толық сөндірілген. Электр желісіне жауапты компания абоненттерді өзге трансформаторларға қосып, барлық ауылға тоқ берді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12