Флоридаға «Идалия» дауылы соққы берді
АҚШ-тың Флорида штатына «Идалия» дауылы соққы берді. Сұрапыл жел мен жауын бұл аймаққа сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жеткен. Миллиондаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жаңбырлы дауылдан талай елді мекенді су басып, штатта ондаған мың тұрғын жарықсыз қалды. Электр энергиясын қалпына келтіру үшін 40 мыңдай маман күні-түні жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, 900-дей әуе рейсі доғарылып, мыңға жуық ұшақ уақытынан кешіккен. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, «Идалия» - Флоридада соңғы 100 жылда соққан ең қатты дауыл.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14