1 қыркүйектен бастап стипендия мен балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы өседі
Ертеңнен бастап 380 мың студенттің стипендиясы өседі. Шәкіртақы мөлшері 20 пайызға дейін артады. Атап айтқанда, жоғарғы оқу орны студенттерінің стипендиясы 36 660 теңгеден 41 898 теңгеге көтеріледі. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеден 97 024 теңгеге өседі. Ал докторант дәрежесінде білім алатындар үшін 217 мың 500 теңге деп бекітілді.
Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап балабақша педагогтерінің жалақысы 30 пайызға дейін өседі. Жалпы алғанда 98 мың тәрбиешінің еңбекақысы көтеріледі.
1 қыркүйектен бастап медицина қызметкерлерінің де айлығы көбейеді. Біліктілігі жоғары дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта деңгейдегі мамандардың табысы 20 пайызға артады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14