Ақтөбеде 8 адам газға уланды: Қазір жағдай қалыпты
Ақтөбе облысында бірнеше ауылдың тұрғындары газға уланып қала жаздады. Оқиға Кенқияқ, Шұбарши мен Саркөл елді мекендерінде 8 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.
Олардың төртеуі бала. Газ қондырғысындағы жөндеу жұмыстарынан кейін көгілдір отын қайта қосылған кезде үй ішін өткір иіс жайлаған. Тұрғындар иіс кетем дегенше бала-шағамен далада жүруге мәжбүр болды. Қондырғыны ауыстырғаннан кейін ереже бойынша құбырда ақау бар-жоғын анықтау үшін күшті иісі бар одорант деген қоспа жіберіледі. Мамандар ол қажетті мөлшерден артық жіберілген болуы мүмкін дейді. Оқиғаның нақты себебін комиссия анықтайды
Руслан Әміртаев, серіктестік директоры:
Кешке қарай газ беруді толықтай тоқтаттық. Тұрғындар газ плиталарын қосқан кезде бірден өткір иісті байқап, шағымдана бастады. Біз мамандарымызды жібердік. Ал бүгін таңертең көгілдір отын қайта беріле бастады. Ешқандай иіс жоқ. Жағдай қалыпты.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18