Күнде энергетикалық сусын ішкен алматылық жасөспірім ауыр халде ауруханаға түсті
Алматыда күнде энергетикалық сусын ішкен 17 жастағы жасөспірімнің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түсті. №2-қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері басында оған «гемофилия В» диагнозын қойған. Алайда тексере келе қаны ұйып қалғаны анықталды. Бұған басты себеп бозбаланың алты айдан бері энергетикалық сусынды көп мөлшерде тұтынуы. Дәрігерлердің сөзінше, науқастың денесі көгеріп, ерні қанап, мұрнынан қан кеткен. Дене қызуы көтеріліп, өздігінен жүре алмай қалған жасөспірімді емдеу мекемесінен арбамен жеткізген.
Ұлжалғас Өскенбаева, №2 қалалық балалар ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі:
Энергетикалық сусындардың арқасында бауырдың функциясы бұзылған. Қызметі бұзылған. Бауырда қан ұю факторлары түзіледі. Сондықтан синдроммен бала бізге түскен. «Витамин К» бердік. Функциялары жөнделді. Анализдерінің барлығы қалпына келді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15