Елімізде балаларға жасалған қылмыс 18 пайызға өскен
Елімізде балаларға жасалған қылмыс 18 пайызға өскен. Кәмелет жасқа толмағандар арасында суицид кеселі де азаймай тұр. Бұл туралы Бас прокуратурада талқыланған жиында айтылды. Мамандар бала құқықтарын қорғау үшін IT технологияларды кеңінен қолдануды ұсынды. «Е-Превенция» жобасын таныстырды. Бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, әлеуметтік мәселелерін талдауға мүмкіндік береді. Ал Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балаларға қатысты зорлық-зомбылық, буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам заңнамалық сипаттағы ұсыныстарды келтірді. Шара барысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Динара Закиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
Қазақстанда күн сайын 6 балаға қатысты қылмыс жасалады. Күн сайын 1-2 бала өз-өзіне қол жұмсайды немесе жұмсауға тырысады. Тек қана осы жылдың 8 айында өткен жылмен салыстырғанда 47 пайызға өсті. Ал балаларға қатысты жасалған қылмыстар саны 18 пайызға өсті. Күн сайын 342 бала тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Балалар арасында күн сайын 5 қылмыс жасалады.
Қуандық Танабас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12