Үкіметте дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалымен оңтүстік облыстардағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесіне арналған отырыс өтті. Жиында Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 105 мың гектардан асатын ирригациялық және дренаждық жүйелерді салу мен қайта жөндеу, сондай-ақ 1 500 ауылдық елдімекенді жылдам интернетке қосу жайы талқыланды.
Бұдан бөлек, бірқатар теміржол желілерін жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелері көтерілді. Премьер-Министр бұл жобаларды жүзеге асыруға халықаралық қаржы ұйымдарынан қаражат тарту мен оның тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Қуандық Танабас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05