Алматыда айналма темір жол желісі салынады
Ал Алматыда айналма темір жол желісі салынады. Транзиттік дәліз 2025 жылға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Ұзындығы 100 шақырымдық шойын жолдың техникалық-экономикалық құжаттарын жасау басталған. Жобаны жүзеге асыруға инвестор тартылады. Транзиттік жүктердің тұрып қалуы, пойыздардың кестеден кешігуі өзекті мәселе. Сондықтан айналма жол қажет екенін Президент өз Жолдауында айтты. Әсіресе, көлік дәлізі әлеуетін бес есеге дейін арттыру тапсырылған. Министр «Алтынкөл», «Қорғас» стансаларының жұмысымен де танысты. Бірнеше облысты жеңіл көлікпен жүріп өтіп, жол сапасы мен құрылыс жұмыстарын бақыламақ.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
Сарыөзек-Көктал жолы. Ол жаққа тиісті қаражаттың барлығы бөлінген. Күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 23 шақырым. Сол жолды қаарйтын боламыз. Мердігер компания және субмердігердің баршасымен жолығамыз. Одан соң Талдықорған-Өскемен жолы. Үшарал-Достық жолы. Үшарал-Достықты биыл толығымен іске қосамыз ба деп отырмыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15