Израильде шеру жалғасып жатыр
Израильде сот реформасына қарсы шерудің жалғасып жатқанына 37 апта болды. Тель-Авивте кезекті наразылық акциясына мыңдаған адам шыққан. Қолдарына Израильдің туын ұстаған шерушілер үкіметтік ғимараттар орналасқан ауданға топ болып жиналды. Сонымен бірге олар Израильдің 1948 жылғы тәуелсіздік декларациясының ондаған метрлік көшірмесін шерудің символы ретінде алып шыққан.
Осы арқылы олар үкімет алға тартып отырған сот реформасымен келіспейтінін білдірді. Израильде ауқымды шеру биылғы ақпаннан бері жалғасып келеді. Тұрғындар үкімет басшысының судьялардың өкілеттіліктерін шектеу туралы бастамасына наразы.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14