Төтенше жағдайлар министрі: Шахтадағы апатқа жұмыс беруші кінәлі
«Қазақстан» шахтасында болған апатқа жұмыс беруші тарап 100 пайыз кінәлі. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов осылай деп мәлімдеді. Үкіметтік комиссия қорытындысына сәйкес кеніштен өрескел техникалық ақаулар мен қателіктер табылған. Шахтаның инженерлік-техникалық жағдайына өндірістік бақылау ықтиятты жүргізілмеген. Жұмыс беруші тарап техникалық қауіпсіздікке салғырт қараған. Еске салсақ, 17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шығып, 5 адам көз жұмған еді. Қаза тапқан жұмысшыларға еңбек келісім-шартына сәйкес отбасына 10 жылдық еңбекақысы көлемінде метариалдық көмек берілетін болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 18:01
«Жастар күнінде» жастар алаңды тазалады
04.08.2026, 17:35
Жапондар Қазақстан өсімдіктерін зерттеп жүр
04.08.2026, 17:30
Фиджитал-футбол: Жерлестерімізді маңызды кездесу күтіп тұр
04.08.2026, 17:27
Жиырмадан аса стример жауапқа тартылды
04.08.2026, 17:25
Абай облысында оңалту орталықтары жұмыс істеуде
04.08.2026, 17:22
Сыр бойында құрылыс қарқынды
04.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 17:17