Ел жаңалықтарына шолу
Қазақстан мал өнімдерін 42 елдің нарығына шығарады
Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерін 42 елдің нарығына шығаруға рұқсат алды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі хабарлады.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде Қытайға 21 түрлі өнімді жеткізуге арналған
фитосанитариялық талаптар келісілді. Айта кетейік, қазақстандық өнім бұған
дейін Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Еуропалық Одақ елдеріне,
Ауғанстанды және Иранды қоса алғанда, 20-дан астам елге экспортталып келген
еді.
Қазақстан құс еті импортынан толық бас тартпақ
Сондай-ақ Қазақстан құс еті импортынан толық бас тартуды көздеп отыр. Өйткені
отандық өндірушілер ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Статистикаға
жүгінсек, базалық өнімдер бойынша өзін-өзі қамту деңгейі елде 80%-дан асады.
Тегін берілетін дәрілер тізімі
Енді қазақстандықтар тегін берілетін дәрілер тізімін кез келген уақытта көріп,
тексере алады. Ол үшін «СҚ-Фармация» Telegram мен WhatsApp мессенджерінде
арнайы чат-бот іске қосты. Қолданушылар сол чат-ботқа қосылып, ЖСН теріп, тегін
берілетін дәрілермен таныса алады. Арнайы бот тұрғындардың сұрақтарына да жауап
береді. Чат-ботқа қосылу үшін QR-кодты сканерлеу керек. Ол код дәріханаларда,
емханаларда немесе сіз тұратын аймақтағы аурухананың қабырғасына, есігінің
сыртына жапсырылып тұрады.
Қазақстан көтерген бастаманы Замбия қолдады
Қазақстан ұсынған бастама аясында Замбияда Халықаралық волонтерлер жылының
ресми ашылуы өтті. Салтанатты іс-шара Мвинилунга ауданында «Әрбір үлес маңызды:
волонтерлер қоғам дамуына үлес қосады» ұранымен ұйымдастырылып, елде
волонтерлердің тұрақты дамуға қосқан үлесін насихаттайтын іс-шаралар өтті.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәртебелі меймандарды ресми қарсы алу рәсімі өтті
12.10.2026, 13:46
Бельгия королі мен патшайымының елімізге мемлекеттік сапары басталды
12.10.2026, 13:20
Жетісу облысында тағы 6 ветеринариялық пункт салынып жатыр
12.10.2026, 13:15
Өзбекстанға мұнай өнімдерін 246 рет заңсыз әкетпек болған
12.10.2026, 13:13
Хуситтер Әр-Рияд әуежайына екі күнде екі рет соққы берді
12.10.2026, 13:10
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 13:07
Қызметтердің 92%-ы электронды форматқа көшірілді
12.10.2026, 13:05
Киберқылмыс 40 пайызға азайды
12.10.2026, 13:03