Сыр бойында құрылыс қарқынды
Қызылорда қарқынды құрылыс алаңына айналды. Президент тапсырмасымен облыс орталығында жаңа драма театры, заманауи кітапхана, медициналық нысандар бой көтеріп жатыр. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев ғимараттардың құрылыс барысымен танысып, атқаралып жатқан жұмыстарды бағамдады.
Шаһардың шет аумағы Титов шағын ауданында зәулім емхананың құрылысы қызу жүріп
жатыр. Шеберлер қазір үшінші қабатының қабырғасын қалау үстінде. Нысан
пайдалануға берілсе осы жерден 20 мың халыққа ем-дом жасалады. Сонымен бірге
Сырдарияның сол жағалауында көпбейінді аурухана мен 500 орынға шақталған емхана
салынып жатыр. Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей
аяқтауды тапсырды.
Нұрлыбек Нәлібаев, Премьер-министрдің бірінші орынбасары:
Биыл міндетті түрде аяқтау керек. Жана өздеріңіз айтып өттіңіздер қыркүйек айында аяқталады құрылысы деп. Сапасына өте қатты мән беру керек. Өте маңызды жоба. 2 жылдың көлемінде салынып жатыр. Халық қанша күтті, сұрады. Халық үшін өте керек.
Ауқымды жобалардың бірі «Қызылорда арена». Әмбебап спорт кешені халықаралық талаптарға сай салынып жатыр. Мұнда ұзындығы 50 метрлік он жолақты жүзу бассейні, футзал, волейбол, баскетбол сайыстарын өткізетін 2500 көрерменге арналған үлкен зал қарастырылған. Бүгінде негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан қазан айында ел игілігіне берілмек.
Қайрат Мәмитрзаев, жоба жетекшісі:
Арена 9 блоктан тұрады. Тоғыз блок 2 және 5 қабаттан. Алдыңғы блоктарында заманауи фитнес залы, күрес залы, бокс залдары қарастырылған. Заманауи Еуропадан мультимедиялық, бассейн жабдықтары, жарық, дыбыс жабдықтары шет елден алынып жатыр.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары сондай-ақ, Президент саябағы аумағында жаңа драма театры мен тәулікбойы жұмыс істейтін кітапхананың құрылысын көрді. Мұнан бөлек 9 қабатты 15 тұрғын үй кешеніне барып, құрылысшылармен кездесті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы