Қостанай облысында екі жыл бұрынғы жол апатына қатысты сот процесі созылып кетті
Қостанай облысында үш адам құрбан болған екі жыл бұрынғы жол апатына қатысты сот процесі бір жылға созылды. Үкім әлі шыққан жоқ. Оқиға 2021 жылдың қараша айында Рудный-Қостанай тас жолында болған. «Киа» көлігі алдында келе жатқан «Жигулиді» басып озбақ болғанда оны жанай соғып, қарсы бағытқа шығып, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан соңғы көліктегі бір адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада көз жұмыпты. Жәбірленуші тарап «сот процесі әділ өтіп жатқан жоқ», - дейді. Сондықтан нағыз айыпты адам жазадан құтылып кете ме деп күмәнданады. Айыпталушының адвокаты «апатты суреттейтін сараптама дұрыс жасалмаған» деп, соттан оны қайта тағайындауды сұрады.
Дастан Қасенов, жәбірленуші:
Бізді соққан адамды жәбірленуші қылып қойды. Негізі соққанын мен көзіммен көрдім. Жаңағы машинада менің туыстарым қайтқан, мен тірі қалдым, мен рөлде болдым. Біз қаншама шағымдандық, оған судья мән бермейді. Қаншама құқығымыз бұзылып жатыр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15