Мас күйінде көлік жүргізген мәслихат депутаты мандатын тапсырды
Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған қалалық мәслихат депутаты мандатын тоқтатуға өтініш берді. Ол бір емес, екі бап бойынша айыпталып отыр.
53 жастағы Сәния Мұратова Әлия Молдағұлова даңғылы бойында келе жатып, қос үздіксіз жолақты кесіп өткен. Оның бұл әрекетін сол маңда кезекшілікте жүрген құқық қорғаушылар байқап, көлікті тоқтатқан. Бүгін өткен сот процесіне айыпталушы қатысқан жоқ. Судья оны 6 айға көлік жүргізуі құқығынан айырды.
Екінші сот отырысы енді өтеді. Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалып, куәлігінен 7 жылға айырылуы мүмкін. Сәния Мұратова өңірге белгілі кәсіпкер, жеке фитнес орталығы бар.
Мүсіреп Жанболатұлы, Патрульдік полиция инспекторы:
6 жолақты жол белгісі және соны ортасынан бөліп тұрған екі таңбалау сызығын кесіп өтіп кеткен. Хаттамамен келісетінін, келіспейтіні туралы түсіндірілген болатын. Мұратова Сания Бұлқайырқызы 596-баб, 3-тармағымен хаттамамен толықтай келісетінін айтты.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15