Мектеп бітірген балалардың 40%-да көз аурулары кездеседі
Мектеп бітірген балалардың 40%-ында көз аурулары кездеседі. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.
Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының 90 жылдығына орайластырылған шараға отандық офтальмологтармен қатар шетелдік білікті мамандар қатысты. Жиында көз ауруларын диагностикалау, емдеудің тың әдістері және офтальмологиялық хирургиядағы инновациялық технологиялар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар көз ауруларының жасарып, балалар арасында жиілеп бара жатқаны да сөз болды.
Алуа Әубәкірова, қазақ көз аурулары ҒЗИ бөлім меңгерушісі:
Егер 1-сыныпқа 4% ғана рефракциялық ақаулар, миопиясы бар балалар анықталса, мектеп бітірген кезде ол сан 40%-ға дейін өседі. Пандемия, қашықтан оқу, онлайн оқулар, балалар гаджеттерге үңіліп, қимылдары азайды. Содан рефракциялық ақаулар көбейіп жатыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15