«Kausar Trevel» туристік компаниясының директоры сотталды
Меккеге қажылық сапарға апарамын деп 245 адамның ақшасын алаяқтықпен иемденіп кеткен азаматқа сот үкімі шықты.
Шымкент қалалық сотының шешімімен енді ол 6 жылын түрмеде өткізетін болады. «Kausar Trevel» туристік компаниясының директоры болған лауазымды тұлға өз қызметтерін әлеуметтік желі арқылы жарнамалап, жұрттан алдын ала 255 миллион теңге жиып алған.
Алайда ешқандай туристік сапар ұйымдастырмаған. Оған алданып қалған азаматтардың дені Шымкент және Алматы қалаларының тұрғындары. Олардың алды 10 миллион, ең азы 400 мың теңгесін сеніп тапсырыпты.
Сот тергеу барысында туристік фирма басшысының заңсыз әрекеттері толық дәлелденгенін айтты және жәбірленушілерге ақшаларын екі ай ішінде өндіріп беруге міндеттеліп отыр.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15