Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына шетелдік инвесторлар да үн қосты
Британиялық компанияның бас директоры Афзал Амин Президент айтқан тау-кен саласын басқару жүйесін жаңғырту керектігі туралы тапсырмасын қолдайды. Шынымен де, көптеген елде бұл саланы негізінен жеке компаниялар алға сүйрейді. Ал оларға Қазақстанда тиімді салық және реттеу шарттарын ұсыну ұтымды шешім дейді бизнесмен. Өз қаржысына геологиялық зерттеу жүргізген инвестордың жер қойнауын пайдалану кезінде басым құқыққа ие болуын қамтамасыз еткен жөн.
Афзал Амин, London expertise ltd және aremca ltd компанияларының бас директоры:
Соңғы сегіз жыл көлемінде ауылдық жерлерді сумен қамтып, ал бес жыл ішінде тау-кен саласында жұмыс істеген әріптестерімізбен бірге Жолдаумен танысып шықтық. Президенттің осы екі мәселеге ерекше назар аударғаны ерекше ұнады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы ауылшаруашылығы және қайта өңдеу салаларын дамытып, ауылдық жерлердің экономикасын едәуір жақсарта түспек. Басқа да шетелдік инвесторлар сияқты біз Қазақстанда қалып, бизнесті жүргізудің ұтымды инновациялық әдістерін енгізу арқылы әлеуметтік және экономикалық табысқа жету жолында жұмыла жұмыс істеуге ниеттіміз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01