Алматыда жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арналған халықаралық конференция өтті
Бүгін жазушы, журналист, екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Кемел Тоқаевтың шығармашылығына арналған «Детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық конференция өтті.
Жиында қарымды қаламгердің «Сарғабанда болған оқиға», «Көмескі із», «Солдат қабірінің басында» сынды біршама туындылары әңгіме арқауына айналды. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген зиялы қауым өкілдері мен сарапшы ғалымдар Кемел Тоқаев тек қазақ детектив жанрына ғана емес, Орталық Азия әдебиетінде сүбелі үлес қосқанын тілге тиек етті. Сондықтан да оның кітаптары әлемнің бірнеше тіліне аударылып, оқырмандар арасында жоғары бағаға ие болған.
Нұрлан Оразалин, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Тұлға деген сөз тілдің ұшына оралады. Тоқаев Кемелге көрсетіліп жатқан құрмет – бұл талантты танудың, еңбекті бағалаудың, халықтың құрметіне бөленудің жарқын көрінісі ғой деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05
Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026, 20:03