Карина Ибрагимова қоржынға күміс салды
Ал ақмолалық боксшы Карина Ибрагимова 57 келі салмақ дәрежесінде тайпейлік қарсыласынан есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ұлттық арна тілшісі Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр елді-мекенінде тұратын спортшының үйіне арнайы барып, ақтық кездесуді бірге тамашалады.
Карина қатысқан төрт жекпе-жектің бірін жібермей көріп, тақымын қысқан ата-анасы қызының жеңісіне сенімді болғанын айтады. Өйткені, Карина бала кезінен алған бетінен қайтпайтын,-дейді олар. Дүбірлі додада ел үмітін ақтаған ақмолалық спортшы бокспен 15 жасынан бері айналысып келеді.
Хабир Ибрагимов, Азия ойындарының күміс жүлдегері К.Ибрагимованың әкесі:
Өте еңбекқор. Карина алған бетінен ешқашан қайтпайды. Бірде-бір жаттығудан қалған емес. Спорт болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Ең бастысы өзіне деген сенімді жоғалтпау керек. Қызымның бұдан да үлкен белестерден көрінетініне сенімдімін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05